Қалалық семинар бойынша ақпарат
Береке ауылының орта мектебінде 2024 жылдың 3 мамыры күні қалалық семинар болып өтті. Семинарға Ақсу өңірінің ауылдық мектептерінің ұстаздары келіп қатысып, күнделікті сабақтарда қолданылатын цифрлық ресурстар мен платформаларды тиімді пайдалану жолдарымен танысып , тәжірибе алмасып, ой бөлісті.
Семинарда «Үздік ұстаз- ашық сабақтар» шеруі, «Тәжірибе алмасу-білімге сапалы жол» дебат түрінде, коучингтер, дебат, тренингтер сәтті өткізілді.
Қалалық семинарға информатика пәні мұғалімі Амантай Береке, бастауыш сынып мұғалімі Хабалхан Перизат белсенді қатысып, жас мамандарға өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Тарих пәні мұғалімі Ломонос Хазиза «Интернет кітаптың орнын алмастыра ала ма?» тақырыбында тартымды дебат өткізді. Дебатта 8-10 сынып оқушылары тақырыптың мәнін ашып , бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің шешімін табуға тырысты.
Информатика пәні мұғалімдері Ануархан Сәулемгүл, Хуанбай Айсауленің «Цифрлық ресурстар мен платформаларды сабақта тиімді пайдалану» тақырыбындағы коучингі, тарих пәні мұғалімі Ауыт Хуанбег, математика пәні мұғалімі Шұғла Ақмира «Мен және ұстаз» тақырыбында коучингтері қатысушылардың ерекше ықыласына бөленді. Семинар қатысушылары жас мамандар өз сабақтарына қолдануға қажетті материалдармен педагогикалық қоржынын толтырды.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Спорт-біздің серігіміз» эстафетасын дене шынықтыру пәні мұғалімдері Тышханбай Бухархан , Бейсенбай Жанболат жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді.
Семинар соңында музыка пәні мұғалім Шайзада Кунишай семинар қонақтарына «Отбасы-аялы алақан мекені» мектебіміздің өнерлі оқушыларының ұсынған концерттік бағдарламасымен семинарды аяқтап, семинар қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Семинар жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.